Әкімдік Түркістанға туристердің келмей кетуіне пандемияны кінәләді

"Мүмкін бұл жерде пандемия әсер еткен болар, себебі күтпеген уақытта күтпеген жерден келді. Егер сіздер наурызда, сәуірде немесе мамыр айларында Түркістанда болғандарыңызда түсінетін едіңіздер.
Әрқашан киелі шаһарға келушілердің ең жоғарғы шегі тәулігіне 5000 турист мөлшерінде болды. Және бұл жәй қарапайым күндері солай болатын. Ал Түркістан қайта жанданғаннан кейін бұл көрсеткіш күніне 12

мың келушіге дейін артты.


Бұл сонымен қатар қордың тек 1800 орын болғанына қарамастан, бұл нашар көрсеткіш емес", - деді Рашид Аюпов.

Облыс әкімнің орынбасары Шымкенттің туристік әлеуеті Түркістан облысы туристерінің есебінен арта бастағанын қосып өтті.