Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өңір аймақтағы мәселелер не үшін шешілмейді?
Себебі жергілікті әкімдік қызметкерлері пікір айтқан азаматтарға “Ит” деп қарайды.
Олар үреді, біз өз білгенімізді жасай берейік деген ой саналарында қалыптасып кеткен.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметшісі
өз қызмет бабын дұрыс атқаралмай жүргенін менен басқа, кеше журналист Қуаныш Ботабеков жазыпты.
Астындағы мына пікірді оқып, әкімдіктің деңгейін енді түсінген сияқтымын!
Яғни қаладағы проблемаларды жазсаң, сен үрген ит екенсің!
Отырып алып тек әкімнің артына кіріп, тек әкімді мақтай берсең “Ит” болмайсың!
Халықтың мәселесін көтергендер ит емес, біреуді қорғаштағандар кейде “иттен” де жаман болып кетеді!
Жалпы сүйек тастап отыратын қожайынын қорғайтын иттер де болатынын ұмытпаған жөн", - деп жазды ол.