Оқиға туралы мәлімет қаланың ішкі істер басқармасына 30 қарашада келіп түскен, деп жазды centralasian.org. Эльёр Тухтаматов Ферғанадағы үйдің жер төлесінде сымға асылып қалған.
Қазір жергілікті прокуратура тергеуге дейінгі тексеру істерін жүргізіп жатыр.
35 жастағы Эльёр Тухтаматов 2018 жылдың тамызында Маргилан әкімі орынбасарлығына тағайындалып, 2019 жылдың сәуір айында өз арызы негізінде қызметінен босатылған.