Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясы 2009 жылдың басында парламентке енгізіледі - Әділет министрі

"2009 жылдың бірінші тоқсанында Әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі кодекстің және Әкімшілік-процессуалды кодекстің жаңа редакциясы сіздердің қарауларыңызға беріледі", - деді З. Балиева.

Ол атап өткеніндей, бұл құжаттарды 2008 жылдың 21 шілдесінде құрылған әкімшілік заңнамасын жетілдіру мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы қарастырып жатыр.

"Комиссия 30 отырысты өткізіп, 300 -ге тарта мәселені қарастырды, соның ішінде бірнеше рет талқыланған кодекс тұжырымдамасының жаңа редакциясы мақұлданып, Әкімшілік-процессуалды кодексі жеке мақұлданды ", -деп түсіндірді министр.

Оның сөздері бойынша, комиссия мақұлдаған ұсыныстар жүйелендіріп, олар бойынша әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі жаңа кодексі және әкімшілік--процессуалды кодексі дайындалып парламенттің қарауына жіберіледі.