Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жарлық ағымдағы жылдың 6 ақпанындағы мемлекет басшысының жолдауында қойылған міндеттерге сәйкес әкімшілік реформа аясында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі қызметі мен құрылымын одан әрі жетілдіруге бағытталған".
Мемлекет басшысы өз әкімшілігіне құқық қорғау органдары мен ел президентіне тікелей есепті ұйымдарда әкімшілік реформаны жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергені мәлім. "Тапсырманың орындалуын президент әкімшілігі өз құрылымын реформалаудан және қызметкерлер санын қысқартудан бастады", деп атап өткен баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "президент әкімшілігі қызметін жетілдірудің басты мақсаттары: президент әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді оңтайландыру және нақты бөлу; құрылымды заңнамалық қалыптасқан нормаға сәйкестендіру; президент әкімшілігі қызметіне сәйкес келмейтін функцияларды тиісті мемлекеттік органдарға беру; басқару және басқарушы аппарат деңгейін қысқарту; құрылымдық бөлімшелер басшыларының жауапкершілігін және дербестігін арттыру" болып табылады.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, жалпы әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің саны 22-ден 13-ке, ал қызметкерлерінің саны 10 процентке қысқартылды.
Президент әкімшілігінің құрамы былай бекітілді:
Президент әкімшілігінің басшысы
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
Жоғары сот кеңесінің төрағасы
Президент көмекшілері
Президент кеңсесі
Президент кеңесшілері
Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығы
Стратегиялық талдау және ізденістер орталығы
Сыртқы саясат орталығы
Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі
Ішкі саясат бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
Мемлекеттік құқық бөлімі
Құқық қорғау жүйелері бөлімі
Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі
Президенттің парламенттегі өкілдігі
Президенттің баспасөз қызметі
Президент протоколы
"Жуық арада президент әкімшілігі жұмысының сапасын арттыруға және мемлекеттік басқарудың заманауи қағидаттарын енгізуге қатысты жүйелі шаралар кешенін қабылдау жоспарлануда", деп хабарлайды баспасөз қызметі.