Әкімшілік реформа мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған

"Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер, бірінші кезекте экономиканың жаһандана түсуі бізді мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауға, жұмысты жаңа координаттар жүйесінде қайта құруға мәжбүрлейді", - деді үкімет басшысы.

Ол әкімшілік реформаның алға қойған мақсаттары ""Қазақстан-2030" стратегиясынан бастау алатынын" мәлім етті.

"Әкімшілік реформаны табысты жүргізу қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті экономиканы құруды қамтамасыз етуге тиіс", -деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы көтеріліп, мемлекеттің жеке меншік секторға араласуы азаюға тиіс.

Жоғары буындағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау курсы ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында сәуірдің 21 мен 25 аралығында өткізіледі. Осы курсты өткізу үшін Йорк (Ұлыбритания), Лондон бизнес мектебі, Колумбия университетінің (АҚШ) профессорлары, тәуелсіз халықаралық сарапшылар, Қазақстан үкіметінің мүшелері шақырылған.