"Біз мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдар үшін оның тиімді және абройлы болуына, олар өздерінің тиісті жалақысын сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен емес, атқарған жұмыстарын қарай, және де "адалдықпен" алатын жағдай жасаймыз",- деді үкімет басшысы бүгін баспасөз мәслихатында.
Үкімет басшысы сондай-ақ, әкімшілік реформаны жүзеге асыру аясында елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі шешілетіндігін атап өтті. "Қазақстан - бұл экономикасы екпінді қарқынмен дамып келе жатқан ел, бірақ, меніңше мемлекеттік құрылымдар халық қалауына сай емес. Сондықтан да біз бұл жұмысты жақсартуға тиіспіз, және де бұл әкімшілік жұмыстың бір бөлігі болып табылады",- деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті