Әкімшілік реформалар аясында министрліктерге жеке жұмыс істеуге мол мүмкіндік беріледі - премьер-министр

"Әкімшілік реформалар аясында министрліктерге жоспарлау , қаржыландыру, өз қызметтеріне қатысты, кадрмен қамтамасыз ету, және өз қызметкерлерін ынталандыру жүйесін жасау мәселелерінде жеке шешім қабылдауға мол мүмкіндік беріледі",-деді К.Мәсімов.

"Қайсібір министрліктің құзырындағы шешім қабылдау міндеті сол министрлікке жүктеледі",-деді үкімет басшысы.

"Менің пікірімше, министрдің құзырындағы мәселелерді шешу жолы, сол министрдің өзіне айқынырақ, сондықтан да ол үкіметтің орталық аппаратының қатысуынсыз да жеке шешім қабылдауға құқылы",-деп атап өтті К.Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті