Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады

"Біз құжаттарды мемлекет басшысының қол қоюына 2008-жылдың басында түпкілікті ұсынуға тиіспіз",- деді А.Мусин.

Вице-премьердің айтуынша, қазір барлық мүдделі жақтар алдағы реформалар тұрғысында "ортақ түсінікке келу үшін" тұжырымдаманы жан-жақты талқылап жатыр.

Тұжырымдамаға мемлекеттік басқару жүйесінде қол қойылғанға дейін, вице-премьердің айтуынша, алдағы әкімшілік реформаның жекелеген тұстары біртіндеп енгізіле бастайды, сол үшін үш пилотты министрлік таңдап алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті