Әкімшіліктің болжамына сәйкес, 2007 жылы Алматыдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі кем дегенде 8 - 10%-ке өседі

Басқарманың мәліметіне сәйкес, қаланың негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемінің өсімі 2007 жылдың аяғына дейін 15% деңгейінде болжануда және ол 500 млрд теңге болмақ. Жылдың аяғына дейін жалпы аймақтық өнім мөлшері жан басына шаққанда 1505 мың теңге, немесе $12 мың болмақ.

Сондай-ақ, әкімшіліктің хабарлауынша, жылдың аяғына дейін Алматыда 900 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2006-жылғыдан 10% артық.

Ағымдағы жылы Алматыда 6 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашу межеленген. Болжам бойынша айлық орташа жалақы көлемі 75 мың теңгеге жетіп, бір жылда 20%-ке, ал халықтың нақты кірісі 14%-ке өспек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті