"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар күш-жігерін әлеуметтік бағыттағы жобаларға, атап айтқанда, медицинаны, білім беру саласын, ауыз сумен қамтамасыз етуге бағыттауға тиіс", - деді президент. " Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың пайдасын бөлу тетіктері мен схемасын қазіргі кезеңде дәйектеу қажет", -деді ол. "Олардың басты міндеті - жергілікті жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту, пайда табу, инвестициялар тарту болып табылады, және бұл қаржыны тиісті өңірдің инфрақұрылымын дамытуға жұмсауы қажет", - деді Н. Назарбаев.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлік бизнестің тиімділігін көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге өңірдегі әлеуметтік тауқыметтерді шешу үшін де құрылып отыр. Бұл ӘКК-дың инвестициялық қоржындарында да көрініс табуға тиіс", -деді мемлекет басшысы.