Айтуынша, елімізде блогерлер мен өнер адамдары жеке туындыларын жарыққа шығарар алдында, халыққа жеке өмірін жариялау тәсілін сәнге айналдырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Тоқал алып кетті, тастап кетті деп киносы шығар алдында сұхбат берген Тұрсынбектің әйеліне Тұрсынбек қайтып келіпті деп шулап жатыр пабликтер. Әзілкеш Мөлдір Мұқанованың бұрынғы суреттерін парақшасына қайта шығарып қойған, ал желіде @tads нигімен тіркелген “екінші әйелі” Айманның парақшасы жоғалып кеткен дейді.
14 жыл бұрын басқа әйелмен жүріс жүріп кеткен күйеуінің әрекеті жайлы киносы шығар алдында “көл көсір жылап” сұхбат берді. Енді күйеуімен қайта “қосылған”. Фильмі шықпаса, дүрдараздық жария болмай, араларында қалар ме еді.
Әрі қарай, жырқылдап түк болмағандай өмір сүре берер. Подписчиктер де түк болмағандай жүре бере ме? Күні бұрын продюсер “көкесі” зорлаған жігіт те өтірік айтты деп әшкерелеп жатыр жұрт. Халықты осылай алдап, пиар жасау қаншалықты дұрыс? Халық алданып қалғаны үшін ренжімей ме?
Әлде біздің халық сондай ақкөңіл ме? Акөңіл екен деп қашанғы “аузын ұра” беруге болады. Менің халыққа жаным ашиды кейде", - деп жазды ол.