Қоғам белсенділері мен халық спортшыларға лайықты сый-құрмет көрсетілуін талап етуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің желідегі парақшасында дзюдодан паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке олимпиада чемпиондары сияқты барлық сый-құрмет көрсетілуін талап етті.
Әлеуметтік желіде де көпшілік паралимпиада жүлдегерлеріне лайықты құрмет көрсетілуін талап етуде. Олар: "Бұл спортшыларға тіптен көңіл бөлу керек, қанша адамға үлгі болып жатыр", "Бәрі берілсін, үй де, көлік те, басқасы да" деп жазуда олар.