Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында мұғалімдер 80 млн теңге жалақысын уақтылы ала алмаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
9 мектепте 298 мұғалімге уақтылы жалақы берілмеген. Берешек сомасы – 80 млн теңге. Бұл мәселені Ерейментау ауданының прокуратурасы анықтады.
"Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды", - деп жазды ведомство.
Бұл бағыттағы жұмыстары әлі де жалғасады, дейді прокуратура.