Ақмола облысында бөгет жарылды

Қорғалжын ауданында "Шоптыкөл" бөгетінің жарылғаны тіркелді. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі, сондай-ақ жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

"Барлығы шамамен 170 қызметкер және 43 техника бірлігі тартылды. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төсеу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында", – деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Автор: Caravan.kz