«El Umiti» Корпоративтік Қоры ұйымдастырған бұл лагерь 14-18 жас аралығындағы балалар мен жастарға үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бағдарламаға сыни және стратегиялық ойлау, көшбасшылық, қаржылық сауат және эмоционалды интеллект сияқты икемді дағдыларды әлеуметтік жобалау және оқыту сабақтары кіреді. Лагерьге 200-ге жуық бала, соның ішінде «Мың бала», «El Umiti Talent» ауыл оқушыларына арналған Ұлттық олимпиада, сондай-ақ «Qabilet» және «El Umiti сыйлығы» жобасының белсенді қатысушылары сияқты түрлі республикалық байқаудың жеңімпаздары қатысады. Лагерь 25 маусымға дейін жалғасады.
Жобаның мақсаты – қор жобаларының барлық қатысушысын қолдау, амбассадор командасын және El Umiti дарынды балалар мен жастар қауымдастығын құру. Лагерьге қатысушылар дамуға қажетті өмірлік дағдыны меңгерді.