Ақмола облысында қамыс арасынан шыға алмай қалған ер адам құтқарылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін кешке Жарлыкөл көлінде, аттас ауылдан 5 шақырым жерде қамыстардан табылып, 1948 жылы туған ер адам құтқарылды. Балық аулауды ұнататын ер адам қайықпен судан өздігінен шыға алмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес. ТЖД азаматтарды су қоймасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.