Осы арқылы «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), «CARAVAN.KZ» медиа-порталының (бұдан әрі – Портал) меншік иесі ретінде, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) орналастыру мақсатында интернет-алаң ұсыну құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлауалды үгіт-насихат партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күніне дейінгі күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты үгіт материалдарын орналастыру 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден бастап 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Серіктестік үгіт-насихат материалдарын орналастыруды Порталда мақалалар, баннерлер орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Үгіт-насихат материалдарын орналастыру Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін саяси партиялар мен Серіктестік арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Депутаттыққа кандидаттың немесе оның сенімді өкілінің, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілінің Серіктестік басшысының атына жазбаша өтініші шарт жасасуға негіз болып табылады. Өтініште үгіт-насихат материалдарының саны, күтілетін мерзімі және орналастыру әдістері туралы ақпарат көрсетіледі, әрі олар кейіннен шартта бекітіледі. Өтініш депутаттыққа кандидаттардың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің қабылданған күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілу қажет:
1) депутаттыққа кандидаттың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) депутаттыққа кандидаттың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) тұлғаның шарт жасасуға өкілеттілігін растайтын құжаттар.
Жазбаша өтінімдерді Серіктестік мына мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Юрий Померанцев көшесі, 1, 5-қабат (501,502-кабинеттер), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 20 тамыз аралығында, сағат 10-00 ден 17-00 дейін.
Факсимильді және деректерді беру желісі бойынша жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Үгіт-насихат материалдарында оларды төлеу және қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні көрсетілуі тиіс.
Үгіт-насихат материалдарын орналастыру тәртібін Серіктестік жазбаша өтініштерді қабылдау тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша белгілейді. Жеребе тарту тәртібі мен шарттарын Серіктестік белгілейді.
Егер жазбаша өтініш түскен кезде сұралған орналастыру әдістері бұрын өтініш берген басқа депутаттыққа кандидаттарға немесе партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға ұсынылса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсынылуы мүмкін болмаса, Серіктестік депутаттықа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның үгіт-насихат материалдарын орналастырудың басқа орнын, уақытын ұсынады.
Үгіт-насихат материалдарын беру тәртібі
Үгіт-насихат материалдары Серіктестікке қазақ және/немесе орыс тілдерінде, дайын түрде, шартта көзделген мөлшерде ұсынылады және Серіктестікке сайлауалды үгіт жүргізуге мүмкіндік беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы тиіс.
Үгіт-насихат материалдары Серіктестікке Порталда жарияланғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады. Серіктестік үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Республиканың тұтастығына нұқсан келтіру, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни алауыздық тудыратын идеялар, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруды көрсе заңда көзделген басқа да негіздер бойынша қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Серіктестік үгіт-насихат материалдарында өзге депутаттыққа кандидаттардың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, оны беруден бас тартуға құқылы. Депутаттыққа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия Серіктестік талабы бойынша үгіт материалдарындағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Депутаттыққа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия үгіт-насихат материалдарына, олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт-насихат материалдарын орналастыру жүргізілмейді немесе кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылады.
Үгіт-насхат материалдарын орналастыру құны:
• Порталда мақаланы бас беттегі слайдерге 1 тәулікке шығара отырып (аралықтары қоса есептелгенде 3000 таңбаға дейін) орналастыру құны – ҚҚС-ты қоса алғанда 700 000 (жеті жүз мың) теңге;
• Порталда мақаланы бас беттегі слайдерге 3 тәулікке шығара отырып (аралықтары қоса есептелгенде 3000 таңбаға дейін) орналастыру құны – ҚҚС-ты қоса алғанда 800 000 (сегіз жүз мың) теңге;
• Порталда мақаланы бас беттің ТОП айдарына 1 тәулікке шығара отырып (аралықтары қоса есептелгенде 3000 таңбаға дейін) орналастыру құны – ҚҚС-ты қоса алғанда 600 000 (алты жүз мың) теңге;
• Порталда мақаланы бас беттің ТОП айдарына 3 тәулікке шығара отырып (аралықтары қоса есептелгенде 3000 таңбаға дейін) орналастыру құны – ҚҚС-ты қоса алғанда 700 000 (жеті жүз мың) теңге;
• Порталдың жаңалықтар таспасында (аралықтары қоса есептелгенде 1000 таңбаға дейін) мақаланы орналастыру құны – ҚҚС-ты қоса алғанда 150 000 (жүз елу мың) теңге;
• Портал бетін 1 тәулікке брендтеу құны – ҚҚС-ты қоса алғанда 50 000 (елу мың) теңге;
• Порталда А позициясындағы (1400×120 – desktop, 320×100 – mobile) баннерді орналастырудың әрбір 1000 көрсетілімі үшін төлем – ҚҚС-ты қоса алғанда 750 (жеті жүз елу) теңге;
• Порталда В позициясындағы (300×400; 240×400 – desktop) баннерді орналастырудың әрбір 1000 көрсетілімі үшін төлем – ҚҚС-ты қоса алғанда 750 (жеті жүз елу) теңге;
• Порталда С позициясындағы (300×400; 240×400 – desktop) баннерді орналастырудың әрбір 1000 көрсетілімі үшін төлем – ҚҚС-ты қоса алғанда 750 (жеті жүз елу) теңге;
• Порталда D позициясындағы (970×120 – desktop, 300×250 – mobile) баннерді орналастырудың әрбір 1000 көрсетілімі үшін төлем – ҚҚС-ты қоса алғанда 750 (жеті жүз елу) теңге;
• Порталда E позициясындағы (970×250 – desktop, 300×250 – mobile) баннерді орналастырудың әрбір 1000 көрсетілімі үшін төлем – ҚҚС-ты қоса алғанда 750 (жеті жүз елу) теңге.
Жасалған шарт бойынша үгіт-насихат материалдарын орналастыруға ақы төлеу Серіктестік берген шот-фактура негізінде осындай шот-фактура берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жүзеге асырылады.
Порталға арналған үгіт-насихат материалдары техникалық талаптарға сай болуы керек:
Графикалық суреттер:
Файл түрі: JPEG, PNG, GIF
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуді жүзеге асыру әдістерін ұсынудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
"Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС"