Caravan Logo

АҚШ 43 елдің азаматтарына елге кіру талаптарын қатаңдатады

АҚШ 43 елдің азаматтарына елге кіру талаптарын қатаңдатады

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі 43 мемлекеттің азаматтарына елге кіру талаптарын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл елдер қатарында Ресей, Беларусь және Түрікменстан да бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

 The New York Times басылымының жазуынша, қауіпсіздік қызметтерімен бірлесіп әзірленген құжатта елдер үш санатқа бөлінген: қызыл, сарғылт және сары.

NYT дереккөздерінің мәліметінше, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Себебі АҚШ кейбір мемлекеттермен ынтымақтастықты сақтап қалуға мүдделі.