АҚШ, Ресей және Украина өкілдері Сауд Арабиясына барды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен бүгін ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшімен бірге сол жаққа аттанамын. Бізде президенттің тапсырмасымен кездесулер өтеді, Ресей мен Украина мәселесіне қатысты жақсы прогреске қолжеткіземіз деп үміттенемін", – деді Уиткофф.

Ол Украина келіссөздерге қатыспайды деген пікірмен келіспейтінін айтты.

"Менің ойымша, Украина – келіссөздердің бір бөлігі", – деді Уиткофф, Трамптың Владимир Зеленскийге қоңырау шалғанын еске салып.

16 ақпан, жексенбіде Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко Facebook-парақшасында украиналық үкіметтік делегацияның Сауд Арабиясында жұмысын бастағанын және Владимир Зеленскийдің корольдікке сапары дайындалып жатқанын хабарлады.

"Украина үкіметтік делегациясының Сауд Арабиясына жұмыс сапарын жергілікті жүзге жуық кәсіпкермен кездесуден бастадық. <...> Алдағы күндері ондаған кездесу өткізіп, Владимир Зеленскийдің Сауд Арабиясына сапарына дайындаламыз", – делінген хабарламада.