Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үй жануарларын күту үшін ақылы демалыс беру туралы жаңа заң жобасын қалалық кеңес мүшесі Шон Абреу ұсынған. Бұл бастама ит-мысық асырайтындар үшін аса маңызды дейді депутат.
"Бұл заң жобасы үй жануарларын күтуге мүмкіндік беру арқылы олардың иелерінің де денсаулығына оң әсер етеді. Үй жануарларымен уақыт өткізу – стресс пен мазасыздықты азайтады, ал итпен серуендеу физикалық белсенділікті арттырады."