"Ақша үшін не айтпайды": Кітапты кедей адамдар оқиды деген коуч халықтан оңбай сөз естіді

Блогер, коуч Ақбота Әнуарбек әлеуметтік желіде жариялаған видеода кітапты кедей адамдар оқитынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Кітапты кедей адамдар оқиды. 7-8 мыңға бизнес кітап аласың. Бір айдың ішінде оқып боласың. Дәл сол ақпаратты сен консультация алып, маманнан, эксперттен 2 сағаттың ішінде біліп аласың”, – дейді блогер.

Дәл қазір заманға сай, трендке сай ақпаратты, стратегияны, системаны, не істеу керек екенін, дайын шешімді консультация арқылы алуға болады дейді блогер.

“Тісің ауырып тұрғанда кітап оқып отырмайсың ғой. Дәрігерге барасың. Ақшадан жаның қиналған кезде, бизнесің жүрмей бара жатқан кезде нәтижесі бар адамнан сұрашы, ақшасын төлеші, 100 мың бола ма, 300 мың бола ма, сонда бірден нәтиже аласың”, – деді ол.

Блогер пікірі үшін желі қолданушыларынан оңбай сөз естіді.

"Қазіргі жастарды кітапқа баулый алмай жатқанда, мына сөз енді өте қате. Кітап оқу арқылы адамның ой өрісі дамиды, ақша табу үшін елдерді өз консультацияларыңызға жаздыру үшін енді осы сөзді қолдануға шықтыңыздарма?", "Адамдар ақша үшін не істемейді", "Инфоцыгандар ауа, су сатады оны тез ұмытып каласың. Реңжімеңіз", деп реніштерін білдірді.