”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе”: Баян Алагөзова композитор Қуат Әбіловке қолдау көрсетті

Осыған байланысты продюсер Баян Алагөзова өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе? Бүлінген имидж = таза ар-ұят емес. Қуаттың жалғыз қалауы ол еңбегінің төленуі. Ақшасын төлеңдер, сонымен дау тоқтайды. Қуат талантты композитор, біздің “BM production” студиясында жұмыс жасайды. Әділеттілік орнауы үшін барымызды саламыз! Не болса да Қуат жалғыз емес, оның артында “BM production” студиясы тұр”, - деп жазды продюсер.

Естеріңізге салсақ, әнші Bayansulu бұл дауға байланысты пікір білдіріп, композиторге “15 миллион теңге ұсынғанын” айтқан.