Ақтауда демалыс орнында жалаңаш ер адам балалар бөлмесіне кіріп алған

Түн ортасында жалаңаш ер адам балалар жатқан бөлмеге кіріп кеткен. Бұл оқиға Маңғыстау облысындағы демалыс базаларының бірінде болды. Ата-аналар күдіктінің жауапқа тартылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz дерегіне сүйеніп.

2025 жылғы 27 шілдеде Ақтау қаласы маңындағы демалыс базасында болған бұл оқиға жұрттың жағасын ұстатты.

«Қызым бөлмеден көзінде қорқынышпен жүгіріп шықты. Ер адамдар жүгіріп барып, бөлмеге кірсе, төсекте жалаңаш ер адам жатыр екен. Ол оларды көре сала терезеден секіріп, қашып кетті. Біз дереу полиция шақырдық», – дейді жәбірленушінің анасы.