ТЖМ ақпараты бойынша, 7 ақпанда Ақтаудағы "РИД-СК" ЖШС киім сататын базарын 14.59 сағатта өрт шарпып, 16 пластикалық бутик жанған. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, зардап шеккендер мен өлім-жітім жоқ.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, тілсіз жау ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 бірлік арнайы техникасы және жеке құрамның 22 қызметкерімен сағат 18.34 ауыздықталды.