Ақтауда оқушылар 13 жасар қызды зорлап кеткен, күдіктілер жауапқа алынбаған

Бұл туралы “Не молчи” қоры жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2024 жылдың қыркүйек айында 13 жасар қызды мектептен кейін құрылыс аймағына алып кеткен. Қызды зорлаған, оның интимді жерлеріне шылым тыққан, ішіне секірген, ұрып-соққан. Одан кейін оның барлығын телефонға түсіріп алған.

Бұл жағдай бірнеше рет қайталанып, оқушы қыз тіпті депрессияға ұшыраған. Кейін барлық жағдайды анасына айтып берген.

Қордың жазуы бойынша, анасы қыркүйек айында полицияға арыз жазған, әлі күнге дейін күдіктілерден тіпті жауап алынбаған.