Ақтауда телефонды дымқыл майлық қорабына салып, тергеу изоляторына өткізбек болған

Бұл заттар қамауда отырған азаматтардың біріне арналған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері NOTHING маркалы смартфон мен екі SIM-картаны анықтап, тәркіледі.

"Смартфон дымқыл майлықтардың қорабына жасырылған болатын. Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды".Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі