Ақтауға сұр қоқиқаздар ұшып келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құстардың осы уақытта дәстүрлі мекені – Қаракөл көліне келуі ақтаулықтар үшін таңғаларлық жағдай емес. Бірақ құстардың түсі көпшілікті таңғалдырған. Неге қоқиқаздар сұр?

Қазақстандағы қоқиқаздардың қоныс аударуын көптен бақылап жүрген Азамат Сәрсенбаев бұл құбылысты түсіндірді.

"Сұр - бұл қоқиқаздың нағыз түсі, олар туғанда сұр болады және біртіндеп тамақтанудың арқасында (белгілі бір пигменттері бар балдырлар мен шаян тәрізділермен қоректенеді) есейген сайын қызғылт және қызыл түске боялады", - деп жазды ол.

Сәрсенбаев құстардың Маңғыстау облысына екі рет ұшып келетінін атап өтті: қыркүйектің ортасынан бастап қарашаның аяғына дейін, екінші рет наурыздың басында келіп, мамырдың ортасына дейін сонда болады.