Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Talk Like" жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Алты жыл бірге тұрдық. Түсінбеушіліктер болды. Үйленгеннен кейін жарты жылдан кейін басталған конфликт болатын. Қатты суып қалдым, үлкен конфликт болды. Өзімді ақтағым келмейді, кінә екі жақтан да бар. Қатты суып қалдым, одан кейін оята алмадым. Бала-шаға деп жүрдім. Бала-шағамды көріп тұрамын, әсіресе демалыстарда. Ажырасу туралы шешімді өзім қабылдадым, ата-анам жаман қарады. Өйткені, ешкіммен ақылдаспадым, тек өзіммен ақылдастым. Олар көненің адамдары, төзуге шақырады. Шыны керек, мен олай өмір сүргім келген жоқ. Бала-шағаны әрине қимайсың, өзіңнің балаң, өзіңнің қаның. Бірақ, дәл солай өмір сүргім келмеді", - деді Әбілмансұр Серіков.