"Шымкент орталығында өтіп жатқан үйлену тойынан", - деп жазған суреттің сипаттамасына Иса Әлімұса жастарға бақыт тілей отырып.
Бауыржанның қалыңдығының есімі - Альбина Шардарова. Альбина өткен жылдың хитіне айналған "Болайық бірге" әнін Қуандық Рахыммен бірге айтқан еді. Youtube желісінде бұл ән 15 миллион қаралым жинаған.