Актер Джимми Моралес Гватемала президенті болып сайланды

Елдің ұлттық театрында өткен салтанатты ұлықтау рәсімінде Моралес ант қабылдап, президент лентасын алды. РИА Новости-дің хабарлауынша, 46 жастағы Моралес елдің бұрынғы президенті Отто Перестің сотталуына әкеп соққан кедендік қызметтегі ірі жемқорлық жанжал негізінде билікке келген. Өзінің сайлауалды бағдарламасында актер, бизнесмен әрі 4 баланың әкесі жемқорлық және аштыққа қарсы күресемін деп сөз берді.