Актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Грузияда фильм түсірілімі кезінде актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Қаңтар айында ол 55 жасқа толар еді", - деп жазылған Kozachkov offside Telegram-арнасында.

Фархат Әбдірайымов көптеген фильмдерге түскен танымал актер. Ең алғаш 1994 жылы  түскен болатын.


Ол "Фара", "Шанхай", "Анажан" фильмдері арқылы көпшілікке мәлім.