Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram-дағы парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Іс оның бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызымен арадағв дауға байланысты қаралды. Айыптау тарабы Жақсыгеннің әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайына қатысты таратылған ақпарат арқылы оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұсқан келтіргенін алға тартқан.

Сот процессінің соңғы отырыстары жабық форматта өтіп, бүгін сот үкімі шықты. Сот белгілі актерді 2 жыл, 3 айға бас бостандығынан айырды.