Актердің жесірі далада қалуы мүмкін

Осыдан төрт жыл бұрын жұмбақ жағдайда көз жұмған актер Шалқар Үркімбаевтың жесірі – Ақсана далада қалуы мүмкін деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Бұл жағдай туралы белгілі журналист Әлия Құдайбергенова әлеуметтік желіде айтқан. Әуезов театрында жұмыс істеген дарынды актердің өмірі 30 жасында қиылған еді. Сол кезде оның театрдың үшінші қабатынан секіріп кеткені туралы айтылды. Ал бұған не себеп болғаны жөнінде әлі күнге дейін ешқандай мәлімет жоқ. Журналистің айтуынша, үш қызымен қалған Ақсана Шалқар қайтыс болғаннан кейін қатты күйзеліске түсіп, ауруханаға жатып қалыпты. Театр басшылығы жағдайын ескеріп, кезінде күйеуі алған жатақханадан оны шағармаған. Енді Ақсананы тек актерлерге тиесілі баспанадан 1 шілдеге дейін шығару туралы бұйрық шығыпты. Яғни ол үйсіз-күйсіз жүрген театр әртістеріне орын босатуы тиіс. Журналист осы жағдайға қынжыла отырып өз жазбасын: «Жүйкеге түскен салмақтан "Каблуковадан" (жасыратыны жоқ) бір-ақ шыққан алтындай үш баланың анасы тағы да сол күйге түспесі үшін баспана мәселесін қалай жеңілдетіп беруге болар екен? Енді ғана өзіне келгенде...» деп аяқтаған.