Ақтөбе облысында жаңа жел электр станциясы салынады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Италияның Eni S.p.A. компаниясының еншілес ұйымы – "Plenitude Kazakhstan" ЖШС бас директоры Федерико Пульеземен өңірде жаңа жел электр станциясын салу мәселесін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

2026 жылғы мамыр айында компания Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ұйымдастырған аукцион қорытындысы бойынша қуаттылығы 100 МВт құрайтын жел электр станциясын салу құқығына ие болды.

"Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын шамамен сағатына 400 ГВт электр энергиясын өндірмек. Түпкілікті инвестициялық шешім қабылданғаннан кейін жобаны іске асыру 2026–2028 жылдарға жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.

"Ақтөбе облысы үшін бұл жоба - Қазақстан мен Италияның "жасыл" энергетика саласындағы табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісі. Оның жүзеге асырылуы жаңартылатын энергия көздерін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерге толық сәйкес келеді", – деді облыс әкімі.

Бүгінде Италия - Еуропалық одақ елдері арасындағы Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Италия арасындағы тауар айналымы 182,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 165,1 млн доллар, ал импорт көлемі – 17,7 млн доллар.