Ақтөбелік кәсіпкер Қуандық Әлішев екі жыл бұрын қала іргесіндегі қорымнан орын алып, ескерткіш мүсінін тұрғызып қойған. Ол мұны ауырған соң ойластырғанын айтты.
Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабы маңында үлкен қорым бар. Мұнда қазақтармен қатар өзге этнос өкілдері де жерленген. Кіреберістің сол жақ бөлігінде орналасқан ескерткіш мүсін 2022 жылы салынған. Әкімшілік зираттың кәсіпкер Қуандық Әлішевке тиесілі екенін біледі.
"2022 жылдан бастап салды. Үлкен кісі екен. Алдын ала көргісі келген шығар қандай болатынын. Бар болғаны 2-3 айда салып болды. Тек өзіне ғана арналған. Гранит тасты қолданып тұр. Мұнда бұған дейін дәл осылай дайындап қойған адам болды. Бірақ ол кісі қайтыс болып, жерленді. Негізі мұндайды үлкен кісілер жасайды. Оларға тыйым сала да алмайсың. Орын сатылмайды", - деді Кішпішті тұрғын алабындағы орыс зиратының әкімшісі Сәбит Дүйсенов.