Актриса Айым Сейтметова ана атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы блогердің өзі Instagram-парақшасында жариялады. Айта кетейік, Айым Сейтметова қазақстандық танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы.

"30.03.2022 жылы мен ана атандым. Дүниеге қош келдің. Иісің қандай керемет еді", - деп жазды Айым Сейтметова.

Актрисаның жұбайы Талғат Итаев та қуанышын Instagram-парақшасында бөлісті.

"30.03.2022 жылы, бүгін таңертең қызым дүниеге келді. Әлхамдулиллах бәрі жақсы өтті! Айым, сұлу қызымыз үшін рақмет! Сүйемін!" - деп жазды актрисаның жары.