Актриса Гүлнар Сильбаева тұрмысқа шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1 тамызда оның сүйіктісі Жанболат Төлеген ұсыныс жасады, актриса келісті.

Жігіт - кәсіби биші. Еңбек жолын Таразда бастаған, кейін Алматыға келген. Жанболат Төлеген "Биле, Қазақстан" және "Танцы" би жобаларына қатысқан, қазақстандық әртістердің бейнебаяндарына түскен, театр сахнасында билейді.

Ал Гүлнар Сильбаева "Казахи" командасының құрамында ойнап, үлкен танымалдылыққа ие болған. Сонымен қатар, ол Нұртас Адамбаевтың "Я жених" және Асқар Ұзабаевтың "Гламур для дур" кинокартиналарына түскен.