Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды

Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызы жариялады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың - сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған ҚҰРДАСТАРҒА мәңгілік махаббат тіледім", - деп жазды журналист.