Актриса Райхан Қалиолдинаның бенефис-кеші өтеді

Онда мерейтой иесінің қатысуымен Әкім Таразидің Жанат Қажиевтің режиссерлігімен қойылған «Жақсы кісі» трагикомедиясы көрсетіледі.

Райхан Нәбиолдақызы 1962 жылы 12 шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Ақсу ауылында дүниеге келіп, 1979 жылы Қаракемер орта мектебін үздік бітіріп, Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтының театр факультетіне оқуға түскен болатын. Драма және кино актері мамандығын игерген 1983 жылы жолдама бойынша актриса болып жұмысқа қабылданған мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында әлі күнге дейін еңбек етіп жатыр. Ол сахналаған рөлдердің қатарында Жанар (М.Әуезов «Алуа», Ә.Тауасаров «Сен жанбасаң»), Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты»), Зылиха ханшайым (М.Байджиев «Ерте, ерте, ертеде»), Ұлжан (Ш.Айтматов «Желсіз түнде жарық ай»), Жібек, Гауһар (С.Балғабаев «Қыз 20-ға толғанда»), Мәдина («Ең әдемі келіншек»), Ева (У.Шекспир «Махаббат айдыны»), Сәния (Б.Мұқай «Шындық детекторы») сияқты кейіпкерлер көп. Р.Қалиолдина сондай-ақ, кішкентай балаларға арналған қойылымдарда да Асқабақ (Ф.Родари «Чипполлино және оның достары»), сиыр (М.Ахманов «Алдардың айласы»), мекиен (Е.Елубаев «Асар»), Айғаным (В.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай»), Ботакөз (С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр») сияқты түрлі кейіпкерлерді сомдады.