Актриса Жәния Джуринская некесін мешітте қидырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жәния Джурниская мен Данияр Хизметов некелерін шариғат бойынша қидырған. 

Қос ғашықтың некелесу дәстүрі Алматы қаласындағы "Нұр Мүбәрак" мешітінде өткен. 

Олар өздерінің бақытты сәттерін Instagram желісінде бөлісіп, қуаныштарын оқырмандарына жеткізді.

Желі оқырмандары Жәния мен Даниярды жарыса құттықтауда.

Еске салайық, Жәния Джуринскаяның сүйіктісі Данияр Хизметов оған Стамбул қаласында үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған болатын.