Күйеуі жылдар бойы сабап келді деп ағынан жарылған келіншек, енді желіге күйеуінің өзін сабап жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Карина Мамаш желіге күйеуінің өзін ұрып жатқан видеосын салған.
Желі қолданушыларының аталған видеоға қатысты пікірлері қақ жарылған. Олардың бірі Каринаны жақтап шықса, енді бірі отбасын сақтай алмағанына айыптаған.
"Ал, не ұттың осы видеоны желіге салып? Балаларың қалай елдің бетіне қарайды енді? Бүкіл болашағына балта шаптың", "Ақша бар, жағдайын жасап қойған, енді не керек? Алдап-сулап тілін таппадың ба?", "Ақылды қатын болсаң байдың да, қайын жұрттың да тілін тауып отырар едің, енді бай да, бала да жоқ", "Алдай салу керек еркекті қарсыласпай", - деп жазуда олар.