Ақылы жолдар тарифі 50 пайыздан көп қымбаттайды – Марат Қарабаев

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана-Бурабай тас жолымен жүріп өту құны жеңіл көліктер үшін 50 пайыздан жоғары көрсеткішке артатынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жаңа учаскелер бойынша, 20, 30 пайыз, жеңіл көліктер бойынша одан да көпке көтеріледі. Бурабай тас жолы қазір 220 болса, алты жолақ жол, жалпы бағасын 50 пайыздан жоғары көтереміз», - деді ол.

Қазақстанда 17 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді. Ақылы жол бойынша тарифтер екі аптада қабылданып, жария етіледі, деді министр.

«Ақылы жолдар Қазақстан аумағында ең аз жолдар болып табылады. Яғни, құны ең аз. Мысалы, Ресейді айттық. Кейбір жолдар 25 теңгеден, бізде 1 теңгеден. Бізде ақша түсетін басым бағыт – өтіп жатқан шетелдік көліктер, транзиттік көліктер. Олар Қазақстан аумағында төлеу керек. Ол ақша сол жолды күтіп ұстауға жұмсалады. 30 млрд ақша түскен, жолды күтіп ұстау 80 млрд теңге тұрады», - деді министр.