«Әл Баракат» өздерін орға жықпақ боп жүргендерің есімін атады


Бақытжан Тойымбетов, «Әл Баракат» құрылыс компаниясының бас директоры:

-Сол кісінің орынбасарлары «Қазақстан құрылысшылары  қауымдастығымен»қосылып, біздің компаниямызға осындай үлкен ақпараттық соғыс жариялап, үстімізден іс қозғап жатыр. Қалаәкімі  бір-ақ, кәсіпкерлікті тексеруге жариялаған  мораторийін  жоққа шығарып отыр.

Астана қаласының әкімдігі құрылғанына бір жыл жаңа толған «Әл Баракат» компаниясын «алаяқ» деп жариялап тұрғындардың алданып қалмауын сұраған болатын. Шенеуніктер тіпті «Әл Баракаттың» үй салуға лицензиясы да жоқ, жұрттан заңсыз ақша жинап жүр деп те айыптады. Сөйтіп, құрылыс компаниясының үстінен полицияға шағымданғанып соңында қылмыстық іс қозғалған болатын. Мұнымен келіспеген «Әл Баракат» «бәленің бәрін бастады» деп Елорда әкімі орынбасары мен бизнестегі бәсекелестерін сотқа бермек. Ал салып жатқан үйдің әр шаршы метрін 800 долларға бағалаған компания бар ойымыз халықты арзан пәтермен қамту еді дейді.