Бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов соңғы жылда БАҚ беттерінен түскен жоқ еді. Оған дейін тек өз ортасында танымал кәсіпкердің Баян Есентаеваға (Мақсатқызы) үйленетін болғаны туралы жаңалықтан соң ғаламторда тез танымал бола бастады.
Жаздың басында Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында бірнеше рет той көйлегіндегі суреттерін жариялай отырып, жақында Алагөзовпен үйлену тойының болатынын астарлап жеткізді.
Бірақ осы жылдың маусымының соңында Алагөзовтың өзі танымал продюсермен үйлену тойын күзде жасауға ниетті екенін хабарлады. Жұп бұл шешімін «күйеу жігіттің» қазіргі әйелімен ажырасу туралы шешімді соттан әлі алмағанымен түсіндірді.
«Ажырасуға қатысты соңғы сот отырысы 16 тамызда болады. Оны бұл жолы да ажырастырмауы заңсыз деп есептеймін. Біздің үйлену тойымыздың кейінге қалдырылғанының себебі осы», - деп Баян Мақсатқызы Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтты.
2 ай бұрын продюсердің жаңадан таңдалған қалаулысы әйелімен ажырасты.
Осыдан кейін, кәсіпкер ұзақ уақыт бойына алғаш рет отандық БАҚ назарынан тыс қалды.
Ал Caravan.kz медиа-порталыТұрсынғали Алагөзовтің қазір қалай өмір сүріп жатқанын білуге тырысты.
Қазіргі күнге дейін Баянмен үйлену тойлары туралы ақпарат болмағанымен, Тұрсынғалидың Instagram парақшасына соңғы 2 айда салынған әр екі суреттің бірін Баянмен бірге түскені байқалады.
Оның парақшасы болашақ жарына деген махаббат жазбаларымен толығуда. Ол оған круассандар (өзінің айтуы бойынша, соңында оны өзі жеп қояды) сатып алып, онымен бірге кештерін кафелерде өткізіп, Қайрат Нұртастың киносына бірге барады.
Кино демекші, олар киноны кинотеатрда қала әкімінің жанында отырып тамашалаған.
Романтикадан бөлек, Ыстықкөлдегі демалысында жүргенде Тұрсын өз оқырмандарына отандық туризмді дамыту турасындағы креативті ойларын бөлісіп үлгерді. Оқырмандар өз кезегінде, жаппай әртүрлі түсініктемелер мен ұсыныстар жазуда. Алагөзов мырзаның бірде-біреуіне жауап бермегеніне қарағанда, ол ұсыныстардың тиісті жеріне жеткен-жетпегені екіталай.
Ол толыққанды инста-жұлдызға айналып үлгергеніне қарамастан, оған сурет астындағы мәтін жазуды Баян Мақсатқызынан үйрену керек сияқты.
Жақында 365info.kz –те автор Алагөзовтің сауаттылығына көңіл аударған. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы кезекті жазбасында «угадает» сөзін «о» әрпі арқылы жазған екен. Ал бірнеше күннен кейін Гүлзира Айдарбековамен суретін салып, алғашқы сөздерінің бірін тағы да қате жазып, «Сначала» сөзінің орнына «Сначало» деп жазған.
2 күн бұрын салған соңғы жазбасына қарағанда, оның енді сенімді күзетшісі бар. Тұрсынғалидің сөзіне сенсек, ол «қатаң» күзеттің бақылауында.
P.S. Бұл жұптың күзде үйленетіні туралы әңгіме Баян Мақсатқызының фанаттары арасында әлі де талқыланып жатыр. Қазан айының екінші жартысына ауғанын ескерген көптеген оқырмандардың ойынша, жұлдызды жұп неке қидыратын күнді тағы кейінге шегеруі мүмкін.