Мамандардың айтуынша, сұңқылдақ аққу өткен жылы күзде ұлы көшке ілесуі тиіс болған. Алайда, жолдан аңшылардың оғынан жараланып, қалып қойған. Оқ құстың қанаты мен сол аяғын зақымдаған.
«Қалайша жаралы аққу осы 3 ай ішінде Алакөл жағасында өмір сүрді? Қалай азығын тауып жеді? Ол бір құдайға аян», - деді М.Сорокоумов.
Қазір құс ветеринарлардың жіті назарында. Жарақатынан ширап келеді.
«Қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Бірақ, әлі де адамдарды өзіне жақындатпайды. Үркіп қалған сияқты», - деді құстар секциясының меңгерушісі Назгүл Елдеева.
Оның айтуынша, бүгінде зообақта 20 сұңқылдақ аққу бар. Енді олардың саны біреуге артты. Тұқымдастары оны қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз.