Алакөлдегі өрт: 7 адам зардап шекті

Алакөлде 4 демалыс орны өртеніп, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен күшімен 5 шілдеде сағат 05.40-та өрт сөндірілді. Өрт 3000 шаршы метрге жайылды. 4 демалыс орны өрттен зардап шекті.

Медициналық көмекке жүгінген 7 адам тексерістен кейін ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", - деді ТЖД.