Алакөлге келушілер жол азабын тартып жүр

Былтыр 110 мың халық келсе, биыл 150 мыңнан асады деген болжам бар. Көршілес Ресей мемлекетінен ағылатындар да аз емес. Көл жағасында шағын және орта кәсіпкерлік дамып, қызмет көрсету сапасы да жақсара түскен. Алайда туристік әлеуеті бұдан да жоғары аймаққа автокөлікпен келушілерді жол азабы қинап тұр. Алакөл – ежелден-ақ шипасы мол, қадірі жоғары керемет өлке. Кеңестер одағы тұсында мұнда ғарышкерлерді оңалту орталығы жұмыс істеген. Соңғы жылдары отандастарымыз ғана емес, көршілес Ресейден де осында демалушылар саны артып келеді. Сол себепті бүгінгі күн талаптарына сай демалыс орындары бой көтеруде.

Қайрат Ибраев, кәсіпкер:

- Шетелден кем емес, Ресейден, Қазақстанның түкпір-түкпірінен демалушылар келіп, демалып, өз бағаларын беріп жатыр. Мұнда көбінесе балаларымен келеді. Бәрі риза деп ойлаймын. Бүгінде көл жағасында 80 демалыс орны, 40-қа жуық тамақтану және сауда нүктелері жұмыс істеп тұр. 500-ден астам жергілікті халық нәпақа тауып жүр. Жаз бойы мың жарым бала демалатын «Үржарайым» балалар лагері және бар.

Серік Сәдуақасов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Былтыр аудан бюджетіне 20 миллион теңгеден астам ақша түсті. Ол кезде 110 мың адам демалатын болса, биыл 150 мың адам демалады деп отырмыз. Ауданда «Алакөл-тазалық» деген кәсіпорын құрылды. Халықтың түгелі бүгінде техника іздемейді, күнделікті тазалықты жағалаудан бастап, жататын жерлерінің тазалығын түгелін «Алакөл-тазалық» тазалап отырады. Мамандар Алакөл маңында туризмнің әлеуеті бұдан бірнеше есе жоғары деп есептейді. Қазір Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан Үржарға ұшақ қатынайды. Алайда саяхатшылар негізінен авткөлікпен келеді.


Анатолий Кошкаров, Кемеров облысының тұрғыны (РФ):

- Алакөлдің шипалы суы, балшығы туралы жақсы білеміз. Бала-шағамызбен демалуға арнайылап келдік, бізге бәрі ұнады. Жергілікті халық жылы жүзбен қарсы алды, қызмет сапасы да жақсарып келеді екен. Алайда Қазақстанның мақтанышына айналған керемет жерге әкелетін тас жолдың азабы көңіл-күйді бірден түсіріп жібереді. Кеше автокөлігімнің дөңгелегі жарылып, жолда қалдық. Келесі жылы келем бе, жоқ па, ойлануға тура келіп тұр. Демалушылар көлге әр тараптан республикалық маңызы бар Таскескен-Бақты тас жолы арқылы келеді. Ұзындығы 180 шақырымнан асатын жолды кезең-кезеңімен күрделі жөндеу жұмыстарына 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. 60 пен 100-шақырым аралығын мойнына алған мына мердігер жұмысты 2013жылы аяқтауы тиіс еді. Алайда ол әлі күнге тиянақты атқарылмай отыр. Осылайша Алакөлге апаратын тас жолдың күрделі жөндеу жұмыстары кесетеден бірнеше жыл кешіккені өз алдына, сапасы мүлдем сын көтермей тұр. Ал құны 4 миллиард 200 миллион теңге болатын Таскескеннен шыға берістегі 20 шақырым жолдың жобалық-сметалық құжаттары былтыр дайын болғанымен, әлі күнге қаржыландыру мәселесі шешілмей отыр. Ендеше Алакөлге автокөлікпен саяхатшылаушылардың әлі қанша жыл жол азабын тартатын дөп басып айту қиын, - деп хабарлайды http://24.kz/.