Алан Құрманғалиев Венгрияда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді. Алан болгариялық Стефан Димитровты (3:0), Люксембургтан барған Маэль Ван Дессельді (3:0), тайбэйлік Тай По-Чунды (3:2), румыниялық Драгоша Бужорды (3:0), словакиялық Михаил Ловгуды (3:2), швед спортшысы Исаак Альфредссонды (3:0) және корейлік Ли Чон Мокты (3:0) жеңді. Финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Алан осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль алған еді.