Алапат балықты аулаған қыз әлемдік рекордты жаңартты


Дженна Гавин екі сағат бойы балықпен арпалысқан, ақыр аяғында оны судан алып шықты. Қыз балық аулауға Канада жағалауына туған-туыстарымен барған екен. Осыған дейінгі рекордты салмағы 190 келі балықты аулаған бойжеткен орнатқан болатын.

«Мен Дженнаның балықты алып шыға алатынына сендім. Ол - мықты әрі шапшаң қыз. Алайда, ол балықты алып шыққанда, оның көлемін көріп таң қалдым. Ол балықпен арпалысып жатқан кезде мен оған егер балықты ұстай алсаң, iPad алып беремін деп уәде берген болатынмын », - дейді қыздың анасы.